2026 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Медебаевпен кездесу өтті.

2026 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Медебаевпен кездесу өтті.

2026 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаевтың мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесуі өтті. Кездесуді Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов жүргізді . Кездесуге Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары Нұрдәулет Рахай, Тұрсынай Ибадатова, Роза Рымбаева . Сәтбаев қаласының депутаттары  және Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында өңір тұрғындарын алаңдатқан газбен қамту, экология, таза ауыз су, жол жөндеу, баға айырмашылығы секілді өзекті мәселелер көтерілді. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарованың тарапынан газ мәселесіне қатысты ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Жезқазған–Арқалық және Жезқазған–Қарағанды бағытындағы автожолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ветеринарлық зертхана мен тері өңдеу цехын ашу мәселелері талқыланды. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер тиісті мемлекеттік мекемелердің қарауына жолданып, алдағы уақытта бақылауға алынатыны атап өтілді.