VIII шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті XXXVIII сессиясы өтті.

VIII шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының  кезекті XXXVIII  сессиясы өтті.

         

VIII шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының  кезекті XXXVIII  сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Қайрат Шайжанов, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары,бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы  Раушан Қапарова ашып, жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Олардың қатарында: 

  1. Жезқазған қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы жөніндегі қалалық мәслихатының депутаттары алдындағы есебі туралы;
  2. 2026-2028 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы;
  3. Жезқазған қаласының 2026-2028 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
  4. ”2024-2028 жылдарға арналған Ұлытау облысы Жезқазған қаласының коммуналдық қалдықтарды басқару Бағдарламасын бекіту туралы” шешімін іске асыру барысы туралы;
  5. Жезқазған қаласы (Кеңгір селолық округі, Сарыкеңгір селолық округі, Талап селолық округі) бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары;
  6. 2026 жылға арналған “Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылымын және қаржыландыру жоспарын бекіту туралы”;
  7. 2026 жылға арналған Жезқазған қалалық мәслихатының жұмысы жоспары туралы;
  8. Жезқазған қалалық мәслихаты төрағасының 2025 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы мәселелері қаралды.                   Сессия барысында мәслихат депутаттары қаладағы өзекті мәселелерді, атап айтқанда ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын, қаланы абаттандыруды және “Халықтар достығы мен мәдениет үйі” ғимаратының жөндеу жұмыстары бойынша сөз қозғап, әкімге өз сұрақтарын қойды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, сессия жұмысы мәслихаттың ресми Facebook парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.