2025 жылдың 11 желтоқсанында қалалық мәслихатта ” Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссияның отырысы өтті

2025 жылдың 11 желтоқсанында  қалалық мәслихатта ” Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссияның отырысы өтті

2025 жылдың 11 желтоқсанында  қалалық мәслихатта ” Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссияның төрағасы Мейрамкүл Тілесованың  төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қала әкімінің орынбасарлары,Қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл әкімдері, Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары және   бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджетін бекіту туралы» мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша қалалық экономика және бюджеттік бағдарламар бөлімінің басшысы Бибігүл Өмірзақова тыңдалды.