
2025 жылдың 9 желтоқсанында қалалық мәслихатта “Әлеуметтік мәселелері жөніндегі” тұрақты комиссияның төрағасы Ринат Өмірбековтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қалалық мәслихат депутаты Александр Шлехт, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абай Бекішев, қалалық спорт бөлімінің басшысы Зухрап Даумбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алия Жылкибаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлзада Шомаева, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Ізтөлеу Түсіпов, сондай-ақ қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы әрі Қоғамдық кеңес мүшесі Қаныш Рамазанов қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары, жұмыспен қамту бөлімі арқылы тұрғындарға берілетін бір реттік әлеуметтік жәрдемақылар, Жезқазған қаласы мәдениет бөліміне қарасты нысандардың, соның ішінде “Халықтар достығы мен мәдениет үйінің” күрделі жөндеу жұмыстарының барысы, сондай-ақ “Жошы хан кесенесінің” қазіргі жай-күйі жөніндегі мәселелер қаралды. Бөлім басшылары 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар бойынша есептерімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бөлім басшыларына сұрақтар қойылып, баяндамалар тыңдалды