2025 жылдың 8 желтоқсанында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті

2025 жылдың 8 желтоқсанында  қалалық мәслихаттың  тұрақты  комиссия  отырысы өтті

2025 жылдың 8 желтоқсанында  қалалық мәслихатта “Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі” тұрақты  комиссиясының төрағасы Нұрдәулет Рахайдың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.  Отырысқа Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ильяшев, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Садықов, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері Серік Аубакиров, Валерий Фомин, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы әрі Қоғамдық кеңес мүшесі Маруа Келмағанбетова, Жезқазған қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының м.а. Аян Ерсеитов және қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Алмат Калмурзаев қатысты.

Аталған отырыстың күн тәртібінде Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша оның ішінде қала көшелерін жарықтандыру мен қураған ағаштарды кесу, аялдамалар орнату сынды проблемалық мәселелері қаралды. Қалалық мәслихаттың депутаттарына қала көшелерін жарықтандыру мәселесі бойынша көптеген шағымдар түсуде. Оның ішінде Байқоңыров көшесі 28А, Жангельдин көшесі тұрғындарынан, Әбдіров 61, Асылбек көшесі 87, 89 үйлердің тұрғындары атынан осы мекен жайларда бағаналарға орнатылған шамдар істен шығып, жарамсыз болып қалған. Соның салдарынан кешкі уақытта аумақтың қараңғыланып, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қиындық туындап отыр.

Осы көтерілген мәселелер бойынша ТҮКШ бөлімінің басшысының орынбасары және “Парасат Декор” дүкені маңындағы аялдамаға қатысты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Жауапты мекемеге аталған мәселелерді қолға алып, нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырды.