2025 жылдың 27 қарашасында Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті XХХVI сессияcs өтті

2025 жылдың 27 қарашасында  Жезқазған қалалық мәслихатының  кезекті XХХVI сессияcs өтті

2025 жылдың 27 қарашасында  Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарованың төрағалығымен кезекті XХХVI сессия өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Қайрат Шайжанов, қала әкімінің орынбасарлары,мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, Жезқазған  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерлан Исмағанбетов, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сүтбаев БАҚ өкілдері  қатысты. Сессия жұмысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Олардың қатарында  Жезқазған қалалық  мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №28/161 «2025–2027 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, “Жезқазған қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы”.

Алдын ала бұл мәселелер 2025 жылдың 26 қарашасында өткен  бірлескен тұрақты комиссиялар отырыстарында талқыланған болатын.