Батыс ауданының тұғындарымен кездесу

Батыс ауданының тұғындарымен кездесу

2025 жылдың 12 қарашасында  Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова Батыс ауданы тұрғындарынан келіп түскен шағым бойынша кәріз жүйесінің жұмысын көру мақсатында нысанға барып, жағдаймен танысты.

Кездесуге “Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі” ММ басшысы Маруа Келмағанбетова және “Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі” басшысы Мұрат Сейтқазинов қатысты.

Тұрғындар тарапынан кәріз жүйесінің жиі бітелуі, сорғы станциясының жұмысы  және үйлерге реттік нөмір беру мәселелері көтерілді.

Мәселені нақтылау мақсатында тұрғындармен бірге сорғы станциялары барып көрілді. Жұмыс істемей тұрған станция бойынша тиісті мекемелер бақылауына алып, арнайы сараптама жүргізілгеннен кейін проблемаларды шешу бағытында нақты шаралар қабылданады.