
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова дәстүрлі түрде әр сәрсенбі сайын тұрғындарды жеке қабылдайды. Қабылдауға келген қала тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй мәселелері және тұрмысқа қатысты мәселелерін көтеріп, өз өтініштері мен сұрақтарын жеткізеді.
Тұрғын тарапынан қойылған сұрақ жеке қарастырылып, тиісті мекеме тарапынан түсіндірме және қажетті жауап беріледі. Көтерілген мәселелердің шешілу барысы мәслихат төрағасының жеке бақылауында болады.
Азаматтарды жеке қабылдау әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00–18:00 аралығында өткізіледі