Бүгін Жезқазған қаласы әкімдігінде штаб отырысы өтті

Бүгін Жезқазған қаласы әкімдігінде  штаб отырысы өтті

Бүгін Жезқазған қаласы әкімдігінде ПИК және МИБ төрағаларының қатысуымен штаб отырысы өтті. Аталған отырысқа Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қала әкімінің орынбасарлары Аслан Алипов, Берік Әбен, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қазамбаев, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрдәулет Рахай, Қоғамдық кеңестің мүшелері Валерий Фомин, Надежда Ким, Тұрғын үй бөлімінің басшысы Алиса Сағымбаева қатысты.  Штаб отырысында “Таза Қазақстан-Таза Жезқазған” байқауына белсене қатысқан ПИК және МИБ төрағалары Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, “Таза подьезд” номинациясында Бас бәйгені ұтып алған Мұса Жәлел 15-үйінің тұрғыны Лариса Рабчевскаяға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Осы сайыстың жеңімпазы Жезқазған қаласының Гагарин көшесі 72/2 үйі Ұлытау облысының атынан республикалық “Таза Қазақстан” жобасына жолдама алды.