
2025 жылдың 3 қазанында қала әкімдігінде Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың ақсақалдармен өткізген брифингі өтті. Брифингке Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова, қала әкімінің орынбасары Ербол Құсайынов, қалалық мәслихат депутаты Нұрдәулет Рахай, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қазанбаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Сабыржан Тембаев, бөлім басшылары және ақсақалдар қатысты.
Кездесу барысында қала әкімі Жезқазған қаласында жүзеге асырылған жұмыстар туралы мәлімет беріп, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ, қалалық мәслихат төрағасы 2025 жылы мәслихат тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Брифинг соңында ақсақалдар өз сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.