2025 жылдың 22 қыркұйегінде Жезқазған қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Тембаевтың ұйымдастыруымен Кеңгір елді мекенінің тұрғындарымен көшпелі отырыс өтті.
Жиынға Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Қапарова, қала әкімінің орынбасары А. Арынов, Кеңгір ауылының әкімі Р. Есмағанбетов, Қоғамдық кеңес мүшелері мен мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары белсене қатысып, қоқыс шығару, газдандыру, жол және жарықтандыру мәселелерін көтерді.