Жезқазған қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың " Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: " өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірімізде жүзеге асыру мәселелері жан- жақты талқыланды.
Айтулы кездесуге қаланың мәслихаттың депутаттық корпусы, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, прокуратура, құқық қорғау саласының өкілдері, еңбек ардагерлері, сарапшылар, коғам белсенділері, жастар және түрлі сала мамандары белсенді қатысты. Талқылау барысында қалалық мәслихаттың төрағасы Раушан Қапарова Мемлекет басшысының Жолдауда көтерілген жасанды интеллект, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылым, салық кодексі туралы баяндады. Сонымен қатар, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Тұрсынай Ибадатова Жолдауда айтылған кәсіпкерлік туралы жан-жақты баяндаса, Жезқазған қалалық Қоғамдық Кеңес мүшесі Ақансері Сүлейменов жасанды интеллектіні дұрыс бағытта пайдалану арқылы әлемнің озық елдерімен тереземіз теңесетінін атап, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деді.