“Таза Қазақстан - Таза Жезқазған” байқауының жеңімпаздары марапатталды.

“Таза Қазақстан - Таза Жезқазған” байқауының жеңімпаздары  марапатталды.

 8 қыркүйек-Қала күніне арналған салтанатты іс-шарада “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында “Таза Қазақстан - Таза Жезқазған” байқауының жеңімпаздары “Көрікті ғимарат ауласы”, “Таза подъезд”, “Үздік жасыл аула”, “Үздік ПИК” және “Үздік МИБ” номинациялары бойынша марапатталды.

«Үздік пәтер иелерінің кооперативі» номинациясы бойынша – «Жаса» пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы А. Ж.Акпароваға, «Үздік мүлік иелерінің бірлестіктері» номинациясы бойынша – Қ.Ә.Айтеновке, «Көрікті ғимарат ауласы» номинациясы бойынша – «Central lounge bar», «Үздік жасыл аула» номинациясы бойынша – С.Д.Дюмкуловқа (Сейфуллин көшесі, 57 үй), «Үздік таза подъезд» номинациясы бойынша -Рабческая Л. А., Ә.М.Әлімовқа (Мұса Жәлел көшесі, 15 үй) марапаттар табысталдыі.

Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Оңқонысқызы Қапарова депутаттардың атынан - «БАС ЖҮЛДЕ»-ні – Ш.Ә.Рымбаеваға  (Гагарин көшесі, 72/2 үй) табыстады.