2025 жылдың 7 тамызында мониторингтік топ жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

2025 жылдың 7 тамызында мониторингтік топ жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

2025 жылдың 7 тамызында мониторингтік топ “Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениет үйі” КМҚК-да жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, нысанның жай-күйін анықтау мақсатында барды.

Шараға қалалық мәслихат төрағасы Раушан Қапарова, қалалық мәслихат депутаттары Мейрам Мусилов пен Ринат Өмірбеков, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Ақансері Сүлейменов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлзада Шомаева, мекеме басшысы Батырлан Сейтжапбаров, сондай-ақ мердігер ұйым басшысы қатысты.

Мониторинг нәтижесінде нысанның 2, 3 және 4-қабаттарында жүргізілген демонтаж жұмыстарының аяқталғаны, электр жүйесінің жаңартылғаны белгілі болды. Келесі кезекте кәріз жүйелерін жаңарту және терезе орнату, ғимараттың қасбетін жөндеу жұмыстары жоспарланғаны анықталды.