Жезқазған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Жезқазған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен  мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілді.

       

Жезқазған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен бағаның өсуіне байланысты тұрғындардан келіп түскен шағым бойынша қаладағы азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс тобы «Самаз», «Ризық», «Акцент», «Мечта», «Ақтоты», «Ерасыл», «Базет», «Органик» секілді бірқатар дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөрелерінің жай-күйі мен өнім сапасын тексерді.

Кәсіпкерлерге бағаға негізсіз үстеме қосуға жол бермеу және мұндай жағдайлар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында бірқатар дүкендерде кемшіліктер анықталып, тиісті ескертулер жасалды.