Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында отырыс өткізілді.

Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында  отырыс өткізілді.

Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында қоқыстардың дер кезінде шығарылмау мәселесіне байланысты  отырыс өткізілді. Отырысқа қала әкімі Шайжанов Қ., қалалық мәслихатының төрағасы Қапарова Р., қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Тембаев С. және мүшелері,  «СәтТазалық» өкілі, Жезқазған қалалық полиция қызметкері қатысты.

Қала әкімі «СәтТазалық» 27 тамызға дейін ғана жұмыс істейтіндігін одан кейін олар кетіп, орнына басқа компания келіп жұмыс істейтіндігін жеткізді. Қоғамдық кеңестің мүшелері «СәтТазалық» басшылығына сұрақтарын қойып, мәселелерді талқылады. Отырысқа жиналғандар болашақта келетін компаниямен келісім шартқа отыратын уақытта барлығын бүге-шігесіне дейін келісіп алу керектігін ұсынды.