Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың 2024 жылғы көлік құралына салық төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталып, бүгінгі таңда 1 900-ден астам салық төлеушінің 108 миллион теңгеден аса берешегі барын ескертеді. Егер сіз салықты белгіленген мерзімінен кейін төлесеңіз, сізге өсімпұл салынады, бірнеше күннен кейін берешекті қайтадан тексеріп, қалдықты өтеуіңіз керек. Өсімпұл әр күні үшін есептеледі.
Төленбеген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Сондай-ақ 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан берешек сомасы болған жағдайда елден шығуға тыйым салынады. Сонымен бірге жеке сот орындаушылары, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтарды айтпағанда, берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.
Осылайша, артық шығындарға жол бермеу үшін салықты уақытында төлеуді сұраймыз. Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында көруге болады.
Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
Құрметті салықтөлеушілер!!!
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 532 бабынын 6 тармағына сәйкес мүлік иелері жыл сайын меншігіндегі мүлікке салық төлеуге міндетті. Бүгінгі таңда 1 586-ден астам салық төлеушінің 738 мың теңгеден аса берешегі барын ескертеді.
Салықтарды төменде көрсетілгендей төлеуге болады:
* портал арқылы egov.kz "Салық және қаржы" бөлімінде (банк картасымен төлеу);
* " e- Salyq Azamat "қосымшасы арқылы.
* банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
* банк бөлімшелерінің кассаларында;
* "Қазпошта" бөлімшелері арқылы»;
* " post.kz " сайты арқылы, "төлемдер" бөлімінде,
"салық төлемдерін төлеу", "салықтар" бөлімі бойынша.
Сондай-ақ, "салық бойынша қарыздарды тексеру" қызметі арқылы салық берешегінің соммасын білуге болады.
Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы