30 шілде күні, Жезқазған қаласының автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуына мониторинг жүргізу бойынша мобильді жұмыс тобы кезекті рейдке шықты. Шараға қалалық мәслихат төрағасы Р.Қапарова және облыстық мәслихат депутаттары Е.Бодықов, Б.Үмбетова, қалалық мәслихат депутаты Н.Рахай, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Ы.Қозайдаров, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Ким, қаланың автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің басшысы Н.Садықов, жол сапасы орталығының маманы Ж.Саликов және мердігер ұйым басшылары қатысты.
Мониторинг аясында алдыңғы рейд өткен Бейбітшілік, Абай, Сәтбаев, Ұлытау және Шевченко көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары тексерілді. Кезекті рейд барысында бірқатар ескертулер айтылды. Жөндеу жұмыстарының барысы қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауында болады.