Шын жүректен Отбасы күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Әр адамның өміріндегі, ең бастысы, қарапайым әрі маңыздысы ол отбасы, үйі, жақын адамдары, балалары болып табылады. "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Халқымыздың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге деген құрмет, туған жерге деген махаббат, толеранттылық секілді барлық ізгі қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр арқылы беріледі. Қоғамда өз орнымызды тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені, адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.
«Отбасы берік болмай, мемлекет берік болмайды» дейді халық даналығы.
Құрметті жерлестер! Осындай қуанышты күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін. Әр үйде бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен шаттық шалқысын.
Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов