Құрметтi жарқайыңдықтар!

Құрметтi жарқайыңдықтар!

Ерлiк пен батырлықтың мерекесi — Ұлы Жеңiс күнiмен сiздердi шын жүректен құттықтаймын. Бүгiн, 9 мамыр күнi, ерекше дата — Жеңiстiң 80 жылдығын тойлап отырмыз, мерекенiң ұлылығы бiздiң жадымыздан және тарихымыздан мәңгiлiк орын алады.
Барша әлем үшiн бүгiнгi және болашақ ұрпақ үшiн кеңес әскерлерi мен тыл еңбеккерлерiнiң жауынгерлiк ерлiгi қасиеттi, әрi мәңгiлiк. Тәуелсiздiк пен еркiндiк кез келген мемлекетке бұйырмаған. Ғасырлар бойы тәуелсiздiк үшiн батыр бабаларымыз жанын қиып, бостандық үшiн қанын төктi. Осы күресте Ұлы Отан Соғысы жылдары жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерi маңызды рөл атқарды.
Ұлы Отан Соғысынының әкелген үлкен сынағы барлық ұлттардың тұтастығының ұлылығын көрсеттi. Бiздiң жерлестерiмiз де Жеңiс тұғырын тiгуге үлкен үлестерiн қосты. Ұлы Отан Соғысы барысында 1942 жылы Жарқайың ауданынан майдан даласына ерлердi жаппай жұмылдыру жүргiзiлдi.
Осыны әрдайым есте сақтау, Жеңiс әскерлерiн үлгi ете отырып бiздiң жастарды тәрбиелеу, тарихи жәдiгерлерiмiздi және соғыс жайлы шындықтың тамшыдай түйiрiн құнттап ұстау — бiздiң қасиеттi борышымыз. Бүгiнгi таңда бiздiң ардагерлерiмiз Ұлы Жеңiс туралы естелiктi жеткiзушi басты тұлғалар. Дәл осы жеңiс ұрпағынан бiз Отанды шынайы сүю мен осы жолда өзiн құрбан етудi, табандылық пен рух жiгерлiгiнiң құндылығын үйренемiз.
Бейбiт елдiң ашық аспан үшiн ардагерлерге бас иiп, шексiз алғысымызды бiлдiремiз. Елiнiң бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн жанын қиған жауынгерлердiң есiмi ешқашан ұмытылмайды!
Республикамыз әрi қарай өркендеп гүлдене берсiн, әр отбасына тыныштық пен бейбiт өмiр тiлеймiн.

Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов