Гір спортынан Әлем Чемпионатынан жеңіспен оралған чемпиондарын қарсы алды.

Гір спортынан Әлем Чемпионатынан жеңіспен оралған чемпиондарын қарсы алды.

Бүгін Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов және аудандық мәслихат аппаратының басшысы Л. Сыздыкова гір спортынан Әлем Чемпионатынан жеңіспен оралған чемпиондарымыз бен олардың бапкері Салтанат Халибекті қарсы алуға қатысты. Аталған дода 26-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Канабад қаласында өтті. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 593 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында 128 спортшы болды. Жарқайың ауданының спортшылары әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап, 2 алтын, 8 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді.