Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Евгений Рыжков «Жас ұрпақ – жасыл ел» атты акцияға қатысты.

Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Евгений Рыжков «Жас ұрпақ – жасыл ел» атты акцияға қатысты.

2025 жылғы 24 сәуірде Жарқайың ауданының Уәлиханов ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жас ұрпақ – жасыл ел» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Евгений Рыжков қатысты. Шара барысында Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков құттықтау сөз сөйлеп, маңызды экологиялық бастамаға белсенді атсалысқандары үшін қатысушыларға алғысын білдірді. Аудан әкімі табиғатты сақтау мен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудегі бірлескен күш-жігердің маңызын атап өтті.

Шараның ерекше сәті — Түлектер аллеясының салтанатты түрде отырғызылуы болды. Бұл акция ұрпақтар сабақтастығының, туған жердің дәстүрін жалғастыруға деген ұмтылыстың және кейінгі ұрпаққа жарқын мұра қалдыру ниетінің символына айналды.