Ақмола мәслихатының депутаты Владимир Камышанский Жарқайың ауданының тұрғындарының алдында есеп берді

Ақмола мәслихатының депутаты Владимир Камышанский Жарқайың ауданының тұрғындарының алдында есеп берді

Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіповтың төрағалығымен Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Е. Жүсіпбеков, аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжанов қатысты.

Кездесу барысында Ақмола мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының кандидаты Владимир Камышанский Жарқайың ауданының тұрғындары алдында өз есебін ұсынды.

"Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депутаттар жылына кемінде бір рет өзінің депутаттық қызметі туралы халық алдында есеп беруге тиіс.

Кездесу барысында жол төсемінің сапасы, балалар мен жастардың бос уақыты және білім беру саласындағы мәселелер айтылды.