Жарқайың ауданының мәдениет Үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік – ұрпаққа ұран!» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Рухани мазмұнға толы бұл шараны аудандық ардагерлер кеңесі мен мәдениет Үйі бірлесіп өткізді. Осы іс-шараға ұстаздар, оқушылар, аудан тұрғындары, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары және Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Чингиз Канафин де қатысты.