Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті 48 сессиясы өтті.

Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті 48 сессиясы өтті.

2025 жылғы 28 наурызда сегізінші шықырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті 48 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Мұрат Есмырзаұлы, Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты Владимир Камышанский, аудандық бөлімдер мен басқарманың басшылары, БАҚ қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану туралы» 
  2. Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 7С-39/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына қарауға енгізілген негізгі мәселе туралы.

Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады.