
Сіздерді маңызды мерекенің бірі — әкелер күнімен құттықтаймын!
Әке – ол біздің әрқайсымыздың өмірінде, дана кеңесші және дос бола отырып, маңызды рөл атқарады.
«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегеңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.
Қоғам үшін нағыз пайда әкелетін және жасампаздық пен мейірімділіктің маңызды құндылықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізе алатын адам, бақытты отбасы қанатының астында өседі. Қай заманда да әр отбасының тірегі, арқа сүйер асқар тауы әрі қамқоршысы — отағасы, балалардың әкесі болып келе жатқанын айтудың өзі артық.
Құрметті әкелер, Сіздерге отбасы бақ-береке, денсаулық, амандық, бақыт пен табыс тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов