Отрадное ауылының негізгі мектебін ағымдағы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды аудан басшылығы ерекше бақылауында.
Отрадный ауылдық округі тұрғындарының өтініші бойынша аудандық мәслихат депутаттары Р. Мұқанов, А.Демьянов, ауылдық округ әкімі Г. Жұмағұлов, мектеп директоры А. Самаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Жаңабергеновпен бірге осы мектептің жобалық-сметалық құжаттаманың жобалаушысы болып табылатын «Қостанайжобақұрылыс» ЖШС директоры Н. Умербековпен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша «Қостанайжобақұрылыс» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттаманы жасау бойынша бірлескен жұмыс туралы шарт жасалды.