«Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов Тасты-Талды орта мектебінің оқушыларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын алуға 40 мың теңге шамасында көмек көрсетті.

Бұл игі бастама балалардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік берді.

Оқушыларға сапалы білім алып, оқу озаттары атанып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 

Жақсылық жасау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Балаларға жасалған қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция!