«Мектепке жол» акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын қызға көмек көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын қызға көмек көрсетілді

Жарқайың аудандық мәслихатының №10 сайлау округінің депутаты Смағұлова Гүлжихан Валерьянқызы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын қыз балаға көмек көрсетті.

Жаңа оқу жылына дайындалып, қажетті оқу құралдарын алуға материалдық қолдау көрсетілді.

Осындай игі істер – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың, балаларға көрсетілген қолдаудың және отбасыларға деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Бүлдіршіннің мектептегі алғашқы қадамы сәтті болып, жаңа оқу жылы білімге, қуанышқа және жақсы жетістіктерге толы болсын!