26 маусым күні Шойындыкөл ауылының 65 жылдық мерейтойы

26 маусым күні Шойындыкөл ауылының 65 жылдық мерейтойы

26 маусым күні Шойындыкөл ауылының 65 жылдық мерейтойы және негізгі орта мектептің 40 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжанов қатысты.

Мерекелік жиында аудан әкімі Ербол Кәрімұлы құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан, ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтарды марапаттап, алғыс білдірді.

Мерейтой ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ауыл тарихына тағзым жасап, оның болашағына сенім ұялатқан тағылымды шара болды.