
Қостанай қаласында өткен «Senat Open» кубогының жартылай финалында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ақмола облысының құрамасына аудандық мәслихат депутаты Сәрсенов Бекжігіт Пернехұлұлы енгізілді.
Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрамасы І жалпыкомандалық орынды иеленді.
Сәрсенов Бекжігіт Пернехұлұлын және команда құрамын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!