
Жеке қабылдау барысында тұрғынның өтініші қаралды
Аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауына қала тұрғыны келіп, жазғы кезеңдегі суару суына қатысты мәселені көтерді. Тұрғын өз өтінішінде суару суының жеткіліксіздігі мен оның тұрғындардың күнделікті тұрмысына әсер етіп отырғанын атап өтті.
Қабылдау барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, қолданыстағы жағдай бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мәселені шешу бағытында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізу және қажетті шараларды қарастыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары әрдайым назарда болады. Тұрғындардың мәселелерін уақытылы қарау және олардың шешімін табуға ықпал ету – мәслихат жұмысының негізгі бағыттарының бірі.