Өткізілген қоғамдық тыңдаулар туралы

Өткізілген қоғамдық тыңдаулар туралы

2026 жылғы 4 маусымда Державин қаласында, Жарқайың аудандық мәслихатының ғимаратында Гастелло ауылында орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратын жекешелендіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Тыңдауларға Гастелло ауылының тұрғындары, қоғамдық өкілдер және мүдделі ұйымдар қатысты.

Талқылау барысында нысанды жекешелендірудің орындылығы, оны әрі қарай пайдалану мәселелері және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы үшін маңызы қаралды.

Қоғамдық тыңдаулар қорытындысы бойынша қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Тыңдаулар материалдары осы мәселені одан әрі қарау барысында заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін болады.