Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 69 сессиясы өтті.

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 69 сессиясы өтті.

2026 жылғы 2 маусымда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 69 сессиясы өтті.

Сессияға Жарқайың ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков, Ақмола облысының тексеру комиссиясының мүшесі А.Каркенов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мәселелер қаралды:

  1. «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің, Державин қаласы, ауылдық округтер мен ауылдар бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы».

1.1. «Жарқайың ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі»

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/3 «Жарқайың ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.Аудандық мәслихаттың 2023  жылғы 16 қаңтардағы № 7С-43/3 «Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-21/3 «Учаскелік сайлау комиссияланын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5.Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №7С-39/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселе туралы.

Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібі бойынша барлық шешімдерді бірауыздан қабылдады.