
Сіздерді 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор.
«Болашақ бүгіннен басталады» деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек. Балаларға көрсетілетін жан-жақты көмек, оларға берілетін жеңілдіктер мен жәрдемақының бір жүйеге келтірілуі - кемел келешегімізге жасалатын құтты қадамдар. Себебі егемен еліміздің тұтқасын ұстайтын бүгінгі бүлдіршіндер, еліміздің ертеңі біздің балаларымыз. Жарқайың ауданында да жарқын елдің кішкентай азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді.
Біз үшін, бұл өмірде Сіздердің балғын жүздеріңізден нұр шашқан қуаныштарыңызды көруден асқан бақыт жоқ.
Атаулы мерекемен баршаңызды тағы да құттықтаймын. Осынау дәстүрлі қалыптасқан мереке біздің балаларымыздың жүрегіне қуаныш ұялатып, асқақ мұраттарға жетелейді.
Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін, мереке мерекеге ұлассын!
Жарқайың аудандық мәлихаттың төрағасы А. Әлжанов