«Мықты көшбасшылар – тиімді басқару» атты үш күндік оқыту семинары өтуде.

«Мықты көшбасшылар – тиімді басқару» атты үш күндік оқыту семинары өтуде.

Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарының қатысуымен Көкшетауда «Мықты көшбасшылар – тиімді басқару» атты үш күндік оқыту семинары өтуде.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өтіп жатқан семинарға партия мүшелері, ППО жетекшілері, ауыл әкімдері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысуда. Жалпы өңірден 150-ге жуық адам тартылған.

Семинардың ашылуында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенова сөз сөйлеп, тиімді басқару мен көшбасшылықтың маңызын атап өтті.

Бағдарлама аясында қатысушылар партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, халықпен өзара іс-қимылды күшейту және өңірлік мәселелерді шешу бағытында білімдерін жетілдіреді.