Құрметті жарқайыңдықтар!

Құрметті жарқайыңдықтар!

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады. Мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін! Қоғамның рухани байлығына нәр беретін, ұлы даланың ұлылары ұлықтаған Дін Исламның ұлы мерекесі баршамызға құтты-берекелі болсын! Айттарыңыз қабыл болсын!

                                             

Жарқайың аудандық мәслихаттың

төрағасы                      А.Әлжанов