Құқықтық жалпыға бірдей оқу сағаты аясында дөңгелек үстел өтті.

Құқықтық жалпыға бірдей оқу сағаты аясында дөңгелек үстел өтті.
 

«Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де құқықтық жалпыға бірдей оқу сағаты аясында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжановтың төрағалығымен өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары А. Әбенова, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары және шақырылғандар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Аудандағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметі туралы» тақырыбы қаралды. Баяндама жасаған – «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Қ. Белгібаева.

Қатысушылар жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту мәселелерін, сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламасының жас ұрпақ арасында патриотизмді, еңбекқорлық пен жауапкершілікті тәрбиелеудегі маңызын талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша аудандағы жастар бастамаларын одан әрі дамыту мен қолдауға бағытталған ұсыныстар айтылды.