Аудандық «Саптық ән» байқауы өтті.

Аудандық «Саптық ән» байқауы өтті.

Жеңіст күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында аудандық «Саптық ән» байқауы өтті. Әділ қазылар алқасының құрамына Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов кірді.

Жарқайың ауданында өскелең ұрпақтың патриоттық рухын арттыру, әскери тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыру мақсатында өтетін бұл байқау дәстүрге айналған.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың саптық дайындық деңгейін, әннің мазмұны мен орындалуын, сахна мәдениеті мен сырт келбетін жан-жақты бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен дипломдар табысталды.