
Жарқайың ауданында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Владимир Камышанский аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжановпен бірлесіп, Шойындыкөл, Тасты-Талды және Бірсуат ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді. Аталған бағдарлама «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған.