«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19 бабының 6-тармағына, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 03 сәуірдегі № 39/13 «Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссиялары құрамында бос орындар туралы хабарлайды:
учаскелік сайлау комиссиясы: № 483 – 1; № 486 - 1; № 485-1; № 490-1; № 493-1; № 496-1; № 497-1; № 502-1.
Округтік сайлау комиссиялары: № 1 - 1; № 4 - 1; № 2 – 1; № 6 – 1: № 8-1; №-10.
Сайлау комиссиясының құрамында барлығы 14 (он төрт) бос орын бар.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 сәуірден бастап 2026 жылғы 28 сәуіріне дейін (қоса алғанда) аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 сәуірге дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: 021100, Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 34, 1 қабат .
Жауапты тұлға: Сыздыкова Любовь Сергеевна, тел: 8 (716-48) 92515, электрондық пошта мекенжайы zharkain_masl@aqmola.gov.kz;
Жарқайың аудандық мәслихаты