
2026 жылғы 13 сәуірде Ч. Канафиннің төрағалығымен Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 66-сессиясы өтті. Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: М.А. Дуденко – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.
2. Аудандық мәслихат шешімінің күшін жою туралы. Хабарламашы: Л.С. Сыздыкова – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-43/4 «Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ж.Х. Рамазанова – аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
4. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-21/3 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ж.Х. Рамазанова – аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
5. «Жарқайың ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-41/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Хабарламашы: Б.Б. Сайлаубай – «Ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.