Жарқайың ауданында тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарқайың ауданында тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия жұмысына VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында «Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша Жарқайың ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау бөлімінің бас инспекторы Алла Николаевна Лукашова-Шершнева баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша негізгі көрсеткіштерді атап өтіп, бар проблемаларды айқындап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Қаралған мәселе бойынша депутаттар тиісті қаулы қабылдады. Тұрақты комиссия халық арасында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, ауылдық елді мекен тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы азаматтарды қоса алғанда, қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауды ұсынды.

Сонымен қатар, жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау себептеріне жан-жақты талдау жүргізу, мемлекеттік органдар басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту және мемлекеттік қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.