Жарқайың аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті 65-ші сессиясы өтті.

Жарқайың аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті 65-ші сессиясы өтті.

Бүгін аудан әкімдігі мәжіліс залында Жарқайың аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті 65-ші сессиясы өтті. Сессияға Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Отырыс барысында депутаттар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе аудандық полиция бөлімі бастығының құқықтық тәртіптің жай-күйі, қылмыспен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы есебі болды. Сонымен қатар депутаттар аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған бірқатар шешімдеріне енгізілетін өзгерістерді қарап, қолдады. Атап айтқанда:
— аудан әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді;
— 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспары толықтырылды;
— жер комиссиясының құрамы мен ережесі жаңартылды;
— тұрғын үй комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді;
— кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына түзетулер енгізілді;
— құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында депутаттар қарауға енгізілген негізгі мәселені талқылап, пікір алмасты және ауданның одан әрі дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі.