
Бүгін, 12 наурыз күні, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумы өтуде.
Форум мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және депутаттық корпусқа қоғамның сенімін арттыруға арналған. Іс-шара барысында билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, азаматтармен ашық диалог орнату, сондай-ақ жаңартылған Конституция жобасы талқылануда.
Форум жұмысына Ақмола облысынан делегация қатысуда. Оның құрамында Жарқайың ауданы мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов және Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттары.
Форум аясында тақырыптық алаңдарда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, депутаттар қызметінің ашықтығын арттыру және тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқылануда.