
Баршаңызды жарқын көңілді көктемнің мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық тарихында мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершіліктерін терең сезіне отырып, біздің қыз-келіншектеріміз өздерінің мейірімді де шуақты жан дүниелерімен, қажырлы еңбектерімен, қоғам алдындағы парыздарын адал атқарып келеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық нығаюына да қазақстандық қыз-келіншектердің қосып келе жатқан үлестері зор екендігі анық.
Бүгінгі мереке асыл аналарымызға шынайы құрмет көрсету болып табылады.
Мейірім мен шыдамдылық, ақылдылық пен кеңпейілділік, отбасындағы сүттей ұйыған бірлік үшін сіздерге мың алғыс.
Халықаралық әйелдер күні әр шаңырақтың әжелері мен аналарын, қыз-келіншектерін мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына бақыт пен береке тілеймін.
Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов