
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Б. Айтпаеваның қатысуымен алдағы республикалық референдумға арналған аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында депутат референдумның мақсат-міндеттері, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіру, әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.