
Аудандық мәслихаттың депутаты Е. Рыжков Львоское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғамдық-саяси маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.