Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Альжанов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық механизмдер» тақырыбында кездесу өткізді.

Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Альжанов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық механизмдер» тақырыбында  кездесу өткізді.

Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов, аудандық мәслихаттың депутаты Бибігүл Айтпаева және "Amanat" партиясы Жарқайың аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбек Силеухадырмен бірлесіп Жарқайың аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық механизмдер» тақырыбында жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында құқықтар мен бостандықтардың кепілдігін күшейтуге, мемлекеттік органдардың есептілігін арттыруға және заң үстемдігі принциптерін дамытуға бағытталған конституциялық реформалардың негізгі ережелері түсіндірілді.

А. Альжанов мұндай диалогтар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті арттыруға және мемлекеттік институттарға сенімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, конституциялық өзгерістерді іске асыру мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен өзара әрекеттесуді жалғастыра беретінін айтты.