Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Альжанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен облыс әкімі Марат Ахметжановтің есептік кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңартылған Негізгі заң жобасы тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа сипатқа ие, елдің заманауи басымдықтарын айқындайды және азаматтық қоғам мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Егемендікті нығайтуға, өңірлердің өкілеттіктерін кеңейтуге және жергілікті қауымдастықтардың рөлін арттыруға ерекше назар аударылды. Нақты басқару тетіктерін жергілікті деңгейге беру жауапкершілік пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ саяси жүйе ашық бола түсіп, азаматтарға сайлау тетіктері арқылы заң шығарушы билік құрамына ықпал ету мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі уақытта республикалық комиссия жаңа Конституция жобасын әзірлеп, ол кең көлемде қоғамдық талқылаудан өтті. Оны әзірлеуге өңір өкілдері, сарапшылар және қоғамдық кеңестер қатысты. Ақмола облысынан комиссия құрамына облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов енді. Комиссия жұмысы барысында азаматтар мен кәсіби қауымдастықтан түскен бірнеше мың ұсыныс қаралып, зерделенді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындалды. Оның аясында ел тұрғындары Конституция жобасы бойынша өз пікірін білдіре алады.